Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысы Жангелдин ауылындағы Қарабалиндер отбасын өлтіру дерегіне қатысты жаңа мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.
Әділовтің айтуынша, іс бойынша екі күдікті бар, олардың бірі - күдіктінің жұбайы әрі қаза тапқандардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева. Ол сараптама жүргізу үшін психикалық ауруханаға жатқызылды.
"Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті іс-шаралар атқарылып жатыр. Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ішкі істер министрлігінен Атырауға барып, аталған қылмыстық істің барысын тыңдап тұрамыз", - деді ол.
Әділовтің сөзінше, қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр.
"Ол да күдікті деп танылды. Қазіргі уақытта психикалық ауруханаға орналастырылды. Стационарлық, кешенді тексеру, сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізілуде", - деп хабарлады министрдің орынбасары.
Ол іс бойынша әзірге жаңа күдіктілер жоқ екенін нақтылады.
Сараптама тағайындау себебі туралы сұраққа жауап бере отырып, вице-министр тиісті шешім жиналған материалдар мен күдіктінің мінез-құлқына негізделіп қабылданғанын атап өтті.
"Оның іс-әрекеттерінде де, алғашқы берген жауаптарында да сараптама тағайындауға негіз болды. Сондықтан осы сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдадық", - деді ол.