Жаңа транзит жолы: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы отбасы трагедиясы: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты

Атыраудағы отбасы трагедиясы: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты
Фото: ІІМ

Туыстарының қазасынан және күйеуінің өмір бойына бас бостандығынан айырылуынан кейін Ақбаян Мұқанғалиеваның жағдайы туралы жаңа мәлімет белгілі болды. Ол Атырау облыстық Психикалық денсаулық орталығында ем қабылдап, кейін ауруханадан шыққан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Құндыз Ғиниятованың айтуынша, Мұқанғалиева балаларымен екі рет кездескен.

"Ол балаларына алғаш рет өткен аптада келді. Бір-екі күн бұрын екінші рет келіп, ауруханаға тағы он күнге жататынын айтты", – деді орталық директоры.

Мұқанғалиева екі жолы да туыстарымен бірге кешкі уақытта келген. Орталық қызметкерлері оған балаларымен жүздесуге мүмкіндік берген. Құндыз Ғиниятованың сөзінше, балалар анасын ұзақ уақыт көрмегендіктен, кездесуге рұқсат берілген. Қазір Ақбаян Мұқанғалиеваның 10, 8, 5 және 4 жастағы төрт баласы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Ал бір жарым жастағы кенже ұлы мамандандырылған балалар үйінде.

Орталық басшысы емдеудің келесі кезеңінен кейін мамандар Мұқанғалиеваның жағдайына қайта баға беретінін айтты.

"Егер бәрі дұрыс болса, анасы балаларын алып кете алуы мүмкін", – деді Құндыз Ғиниятова.

Әзірге балалардың анасына қашан толықтай берілетіні жөнінде нақты шешім қабылданбаған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер