Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кубалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын қатаң жазалауды талап етті

Кубалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын қатаң жазалауды талап етті

7 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас, АҚШ) өтеді деп жоспарланған үш белдік үшін айқас соңғы сәтте тоқтатылған еді.

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, кубалық боксшы Эрисланди Лара допинг дауына байланысты Жәнібек Әлімханұлын қатаң жазалауды талап етті, деп хабарлайды kznews.kz. ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

7 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас, АҚШ) өтеді деп жоспарланған үш белдік үшін айқас соңғы сәтте тоқтатылған еді. Себебі 15 қарашада алынған Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний табылған. Осыған байланысты жекпе-жек ресми түрде кейінге қалдырылып, Лара енді венесуэлалық Йохан Гонсалеспен кездеседі.

Менің ойымша, ол міндетті түрде жазалануы керек. Допинг-тест оң нәтиже көрсетті. 32 жастағы боксшы 42 жастағы қарсыласымен айқас алдында тыйым салынған заттарды қолданған. Бұл үшін ол жауапқа тартылуы тиіс, –  деді Лара америкалық журналистерге берген сұхбатында.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.