KZNews.kz
Танымал

Куәгер Руслан Берденов ісіндегі шындықты ашты

Ayzhan Sylanova

Сотта алғашқы болып қала құрылыс басқармасының, құрылыс нысандарын бақылау бөлімінің басшысы Аманғали Кенжебеков түсініктеме берді. Оның айтуынша, 21 сәуірде басқарма басшысының орынбасары Ажибаев қоңырау шалып, Жиембайдың қызметтен кету туралы өтініш жазған-жазбағанын сұраған. Ол кезде Жиембай "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС директоры қызметін атқарған.

«Ернар: “Неге бұлай жасайды, оған бір ай уақыт бермеді ме?” – деп таңғалды. Бұған дейін оның тарапынан тәртіп бұзушылық немесе заңсыз әрекет байқамадым», – деді куәгер. Сондай-ақ Кенжебеков Жиембайды тағайындау немесе қызметтен босату тек басқарма басшысының құзырында екенін, ал Берденовтің ондай өкілеті жоқтығын атап өтті.

Бұған дейінгі сот отырысында айыпталушы Ернар Жиембай жәбірленушіні тек қорқытпақ болғанын айтқан. Оның сөзінше, жанжал Берденовтің жұбайына қатысты әрекеттерінен шыққан. Жиембай шенеунік қызметтік өкілетін пайдаланып, өзін «қаматамын» деп қорқытқанын және Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековке жала жабуды талап еткенін мәлімдеді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары