"Крокус Сити Холлда" қаза тапқандар саны 115-ке жетті
23.03.2024
18:43
0
8

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі "Крокус Сити Холлда" қаза тапқандар саны 100-ден асқанын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайлы.
"Крокус Сити Холл" концерт залындағы лаңкестік шабуыл орнында шұғыл қызметтердің үйінділерді зерттеуі кезінде қаза тапқандардың денелері табылды. Осылайша, қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 115 адамды құрап отыр. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігі Крокус Сити холлдағы лаңкестік шабуылда қаза тапқандардың жаңартылған тізімін жариялады. 41 қаза тапқан адамның сауалнамалық деректері келтірілген.
- Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған.
- 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған.
- Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған.
- 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ