KZNews.kz
Жаңалықтар

"Көршілері көріп қалған": Шаңсорғышпен "жыныстық қатынасқа" түскен ер адам қамауға алынды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

АҚШ-тың Флорида штатында қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Orlando News басылымының мәліметінше, 22 қаңтар күні Осиола округінің полициясы Киссимми қаласындағы Грассендейл-стрит көшесіне тұрғындардың шағымы бойынша барған. Көршілердің айтуынша, бір азамат үй маңында әдепке жат қылық көрсеткен.

Тексеру барысында 51 жастағы Кевин Дейл Вестерхолдтың жартылай жалаңаш күйде тұрмыстық техниканы пайдаланып, орынсыз әрекеттер жасағаны анықталған. Полицияға ұсынылған бейнежазбаларда оның әрекеті тіркелгені айтылады.

Шериф кеңсесінің хабарлауынша, бұл азамат бұған дейін де қоғамдық орындарда жалаңаш жүру дерегі бойынша бірнеше рет тұрғындардың наразылығына себеп болған. Тергеу барысында күдікті мен оның жұбайы аталған ауданда Airbnb арқылы жалға берілетін екі тұрғын үйдің иелері екені белгілі болды.

Сонымен қатар, көршілер желтоқсан айында бақылау камераларына түскен ұқсас оқиғалардың жазбаларын да құқық қорғау органдарына тапсырған. Осы материалдардың негізінде күдіктіге қатысты қамауға алу санкциясы шығарылып, ол 26 қаңтарда ұсталды.

Қазіргі уақытта ер адамға қоғамдық орында әдепсіз түрде жалаңаштану фактісі бойынша айып тағылып, тергеу жалғасып жатыр.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →