"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Көршінің баласын алдап, пәтеріне кіргізіп алған: қаскөйге сот үкімі шықты

Көршінің баласын алдап, пәтеріне кіргізіп алған: қаскөйге сот үкімі шықты

Қылмыс ізін жасыру үшін ол баланың денесін қаланың маңына шығарып, саяжайынан алыс емес жерде көміп тастаған.

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің Курск облысында жеті жасар баланы зорлап, артынан өлтірген қаскөйге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Life.ru.

Аса ауыр қылмыс жасаған 39 жастағы ер адам 23 жылға сотталды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Іс материалдары сәйкес, Курск облысының тұрғыны Виталий Пащевский өткен жылдың қазанында лифтінің жанында көршінің баласын кездестіріп қалады. Оны алдап пәтеріне кіргізіп, зорлайды да, артынан пышақтап өлтіреді.

Қылмыс ізін жасыру үшін қаскөй ер баланың денесін қаланың маңына шығарып, саяжайынан алыс емес жерде көміп тастаған.

Бұдан бөлек, ол кәмелеттік жасқа толмағандардың суреті пайдаланылған порнографияны дайындап, таратқаны үшін сотталды.

Басылымның атап өтуінше, тергеу абақтысында отырған уақытта Пащевский бүкірейіп, арықтап қалған. Сот отырысында ол бетін камерадан мейлінше жасырмақ болыпты.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан