“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирустың адам денесінде қанша уақыт сақталатыны белгілі болды

Коронавирустың  адам денесінде қанша уақыт сақталатыны белгілі болды

«Ланцет» ғылыми журналында коронавирус инфекциясы жайында 79 ғылыми еңбек негізінде жүргізілген зерттеулер қорытындысы жарияланды. Ғалымдар COVID-19 жұқтырғаннан кейін адам ағзасында орта есеппен қанша уақыт сақталатынын зерттеген.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Нәтижелер келесідей:
■ Жоғарғы тыныс жолдарында вирус 17 күн «өмір сүреді».
■ Өкпеде -14,6 күн.
■ Нәжісті талдауында -17,2 күн.
■ Қан анализінде -16,6 күн.

Алайда, кейбір жағдайларда вирустың сақталу ұзақтығы орташа көрсеткіштен едәуір асып кетеді.

Зерттеу нәтижелері нені білдіреді? Біріншіден, ғалымдар ПТР-тестінің оң нәтижесі аурудың нақты ағымымен байланысы туралы толық түсінік алды.

"Бұл зерттеу адамдардың өздері жұқтырғаннан кейін бірден жұқпалы болатындығын көрсетеді – COVID-19 әсіресе ауру белгілерінің басталуы мен жұқтырғаннан кейінгі бесінші күн арасындағы кезеңде аса белсенді", - дейді зерттеу авторларының бірі доктор Муге Чевик.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, санитариялық дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындау маңыздылығы артады - өйткені симптомсыз коронавирусқа шалдыққан болсаңызда айналаңыздағыларға қауіпті болып қала бересіз.

Автор
Еркебұлан