"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирустан қайтыс болғандар арнайы полигонда жерленеді

Коронавирустан қайтыс болғандар арнайы полигонда жерленеді

Полигон қаланың сыртында орналасқан. Барлық қауіпсіздік ережелері бойынша қаладан оқшауланып тұрғаны айтылды

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Коронавирустан қайтыс болғандар арнайы полигонда жерленеді. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Полигон қаланың сыртында орналасқан. Айналасында жақын жатқан елдімекендер жоқ. Ол барлық қауіпсіздік ережелері бойынша қаладан оқшауланып тұр", - деп атап өтті Молдағасымова.

Айтуынша, штаб жерлеу тәртібін бекіткен. Қайтыс болған жағдайда коронавирус жұқтырған адамның денесі ашылмайды және кремацияланбайды. Денесі дереу залалсыздандырылады.

"Аса қауіпті инфекциядан көз жұму кезіндегі барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қолданылады. Аталған ережелер бұған дейін де болған", - деді ол.

Аса қауіпті инфекциядан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі

Аса қауіпті ауру диагнозы расталған жағдайда карантиндік инфекциялар, күйдіргі және контагиоздывирусты геморрагиялық қызбалардан қайтыс болғандардың мәйіті туыстарына берілмейді. Бұл аса қауіпті жұқпалы  ауруларға қатысты санитарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру талаптарында қарастырылған. 

Көму кезінде ұзындығы - 2 метр, ені - 1 метр, тереңдігі - 2 ммтр қабірдің түбіне қалыңдығы 10 сантиметр дезинфекциялық құрал қабаты себіледі. Қабірге түсірілген табытқа да 10-15 сантиметр дезинфекциялық құралдың қабаты себіледі. Содан кейін қабірді көміп тастайды.

Жерлеу аяқталғаннан кейін құрал-саймандар, қорғаныш киімі, көлік залалсыздандырылады.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан