Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирустан қайтыс болған сегізінші науқас туралы тың дерек шықты

Коронавирустан қайтыс болған сегізінші науқас туралы тың дерек шықты

Көз жұмған науқас жүзден аса адаммен байланыста болған, олардың жартысы аурухана, қалғандары үй карантиніне алынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында вирустан көз жұмған сегізінші науқас – Павлодар қаласының 84 жастағы тұрғыны. Терінің қатерлі ісігі диагнозымен есепте тұрған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

9 сәуірде Павлодар облысында инфекция жұқтырған екі адам тіркелді.

"Өкінішке қарай, біреуі қайтыс болды. Павлодар қаласының 1936 жылғы тұрғыны көз жұмды. Ол 8 сәуірде  полисегментті пневмония, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы диагнозымен ауруханаға жатқызылған",  - деп мәлімдеді облыстың тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Зәмзәгүл Дощанова.

Ер адамнан коронавирусқа анализ алынған, келесі күні тест оң нәтиже көрсетті.

Тағы оқыңыз: Алматыда коронавирус жұқтырған науқас көз жұмды

2016 жылдан бастап ер адам бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, үшінші дәрежелі артериялық гипертензия және терінің қатерлі ісігі диагноздарымен есепте тұрған.

Науқаспен байланыста болған 118 адам анықталды, оның 50-i аурухана, 65-i үй карантиніне жатқызылды.

Қазақстанда коронавирустан сегізінші науқастың қайтыс болғаны 9 сәуірде белгілі болды. Бүгін, 10 сәуірде Алматы қаласында тағы бір адамның көз жұмғаны хабарланды. Осылайша республикада індеттен қайтыс болғандар саны тоғыз адамға жетті.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан