Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Коронавирусқа қарсы дәріден" 44 адам қайтыс болды - Қазақстан жаңалықтары

"Коронавирусқа қарсы дәріден" 44 адам қайтыс болды - Қазақстан жаңалықтары

Метанол коронавирус инфекциясын болдырмауға және емдеуге көмектеседі деген қауесеттер Иранда кем дегенде 44 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News-ке сілтеме жасап.

Құрбандардың саны тез өсуде. Екі жүзден астам адам ауруханаға жеткізілді, ондаған адам көру қабілетінен айырылды. Өлгендер мен зардап шеккен ирандықтар коронавирусты жеңуге үміттеніп, құрамында метанол бар кез келген химикатты ішуге дайын болған, олардың ішінде антифриз, еріткіш және тіпті автомобиль жанармайы бар.

Бұған дейін Альборз қаласының прокуратурасының өкілі Мохаммад Агаяри адамдар ғаламтордағы жалған ақпараттарды оқып, метанол коронавирусқа қарсы тұруға көмектеседі деп сенген, дейді.

Иранда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 8042 адамға дейін өсті, ал 2731 адам қалпына келді, 297 қайтыс болды.
 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан