"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирус жұқтырған бойжеткен полицияға шағым түсірді - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирус жұқтырған бойжеткен полицияға шағым түсірді - Қазақстан жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны полицияға жеке бас мәліметтерін таратты деп шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қыздың коронавирус жұқтырды деген жеке басына қатысты деректерң мессенджере WhatsApp арқылы таралып кеткен. Хабарлама ресми стильде ресімделіп,  қызметтік ақпаратқа ұқсас етіп жасалған. Онда тегі, аты-жөні, туған жылы және пәтерге дейінгі нақты тұрғылықты жері көрсетілген.

Қыз бөтен біреудің жеке деректерді таратқаны үшін арыз түсірген.

"Бұл факт "жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және ҚР Жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу"бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады СҚО полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирустан бір науқас көз жұмды. Сондай-ақ елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны бір тәулік ішінде 40% - ға өскенін хабарлаған едік. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан