"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирус заттың бетінде қанша уақыт өмір сүретіндігі айтылды - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирус заттың бетінде қанша уақыт өмір сүретіндігі айтылды - Қазақстан жаңалықтары

Америкалық ғалымдар коронавирус инфекция заттардың бетінде 17 күнге дейін сақталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зерттеушілер мұндай тоқтамға Жапония жағалауында карантинге жабылған круиз лайнеріндегі адамдарға және сол жақтағы жабдықтарға бақылау жүргізгеннен кейін келіпті. 

Мамандар қатерлі вирустың адамдар кемеден кетіп қалғаннан кейін 17 күн өтсе де, сақталғанын анықтапты. Сөздерінше, вирустың штаммдары ауру белгілері байқалған науқастармен қоса, симптомдары белгісіз болғандардың бөлмелерінен табылыпты. Зарарсыздандыру шараларынан кейін SARS-CoV-2 вирусы табылмапты.

Сарапшылардың қорытындысына сүйенсек, науқастар коронавирусқа ауруды басқа адамнан емес, вирус сіңіп қалған заттарға қол тигізуден тап болған деп кесіп айтуға болмайтын көрінеді. Десек те бұл нұсқаны да жоққа шығармаған дұрыс.

Осыған байланысты мамандар круиз лайнері секілді басқа да жабық, туристтер көп жүретін орындарға бармаіға кеңес берді. Бір жерде адамдардың жаппай жиналуы коронавирустың таралу қауіпін одан сайын арттыраты дейді ғалымдар. ДДСҰ-ның келтірген мәліметтеріне сәйкес, круиздік лайнерлерде 800-ге жуық адам ауру жұқтырған, олардың 10-ы індеттен көз жұмған.

Еске салайық, бұған дейін Жапониядағы круиз лайнерінде төрт қазақстандық болғандығы айтылған еді: олардың екеуі ересек, екеуі бала. Карантинге жабылған кемеде болған қазақстандықтар аман-есен елге оралған.  


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан