Австралиядағы ауруларға қарсы дайындық орталығының мамандары коронавирус банкноттардың, металл тұтқалардың және ұялы телефондардың экранында қанша уақыт өмір сүре алатыны туралы мәліметтермен бөлісті.
Олардың зерттеулерінің нәтижелері Virology Journal-да жарияланды.
Ғалымдар бөлме температурасында коронавирус 28 күн бойы тегіс беттерде болуы мүмкін деген қорытындыға келді.
Ең үлкен қауіп әйнекте, соның ішінде смартфон экрандарында, банкноттарда, сондай-ақ тот баспайтын болаттан жасалған заттарда екені атап өтілді.
Бұл беттерде SARS-CoV-2 +20 ° С температурада шамамен бір ай, +30 ° С-та 3 апта өмір сүре алады, ал + 40 ° С-та бірнеше күн өмір сүреді.