Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың саны 53 адамға жетті. Талдықорғанда бір адам тіркелді
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Талдықорғанда бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қазақстанда науқастардың саны 53 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
"2020 жылдың 21 наурызы сағат 12.00-дегі дерек бойынша, коронавирус жұқтрығандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Талдықорғанда бір адам тіркелді", - делінген ақпаратта.
sputniknews.kz