Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирус мутациялана бастады: Жаңа вирусқа 20A.EU1 деген атау берілді

Коронавирус мутациялана бастады: Жаңа вирусқа 20A.EU1 деген атау берілді

Еуропадағы коронавирус инфекциясын жаңа жұқтыру жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болды.

Бұл туралы ақпарат ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында жарияланды.

Каналдың хабарлауынша, бұл вирус осы көктемде және жазда бүкіл әлемді жайлаған вирустан өзгеше. Оған 20A.EU1 деген атау берілді.

Гендік мутация Испанияда маусым айында пайда болып, Еуропаға оралған туристермен бірге таралды. Испан генетигі Иньаки Комас вирустың таралуы коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың бұқаралық іс-шараға қатысуынан басталды деп болжайды.

Ғалымның болжамынша, вирустың одан әрі тез таралу себебі Испанияда демалып жатқан азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтамауымен байланысты болып отыр. Мутацияланған вирустың тарау жылдамдығы және оның қаншалықты қауіпті екені әзірге белгісіз.

Бұған дейін, АҚШ-та осыдан да агрессивті, D614G деп аталған, SARS-CoV-2-нің мутациясы анықталды.

Автор
Нұрсұлтан