Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов лауазымынан босатылды

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов лауазымынан босатылды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды.

Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды”, делінген хабарламада.

Дәурен Қосанов 1969 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмәмдаған.

Әскери қызметін Үшаралдағы жойғыш авиация полкінде ұшқыш-истребитель болып бастап, әр жылдары Талдықорған және Шымкент қалаларындағы авиабазаларды басқарған, Әскери-әуе күштерін және Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтын басқарған.

2022-2024 жылдары Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып, 2024-2025 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары - Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарды.

Қосанов алғаш рет 2025 жылы Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалған болатын.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.