"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кореяда мереке кезінде көз жұмған Мәдина Шерниязованың денесі ертең туған жеріне жеткізіледі

Кореяда мереке кезінде көз жұмған Мәдина Шерниязованың денесі ертең туған жеріне жеткізіледі
Сеулде білім алып жүріп, мереке күні көз жұмған Мәдина Шерниязованың денесі ертең Ақтөбеге жеткізіледі, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде ҚР сыртқы істер министрлігі отбасымен хабарласып, көмек көрсетуге уәде берген.

ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжат ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтып, ақпарат таратты.

Отбасының хабарлауынша, денесі алдымен Алматыға жеткізіледі. Кейін туған жері Ақтөбеге әкелінеді. Шамамен ертең кешкілік тасымалдануы мүмкін.

Айта кетейік, Мәдина Шерниязова Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектепте оқыған. 2013 жылы бітіріп, оқуға түскен.

"Алдымен Қазан қаласында жоғары оқу орын бітіріп, кейін Кореяға екінші жоғары оқу орнына түсті. Онда магистратурада оқыды. Оқушы алғыр болды. Ағылшын тілін жақсы меңгерді. Біз отбасымен байланыста болып, оның қайда білім алып жүргенін біліп жүрдік. Қазір ата-анасына қиын, біз көңіл айтамыз", – деді №27 орта мектеп директорының орынбасары Алтынгүл Аткиева.

Кореяның Сеул қаласында болған қайғылы жағдай кезінде ақтөбелік студент Мәдина Шерниязова көз жұмды.

Автор
Нұрсұлтан