"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Көңілдесі бар деп ойлаған: Қостанай облысында ер адам әйеліне 22 рет пышақ сұғып, көз жанарынан айырған - Қазақстан жаңалықтары

Көңілдесі бар деп ойлаған: Қостанай облысында ер адам әйеліне 22 рет пышақ сұғып, көз жанарынан айырған - Қазақстан жаңалықтары

Қостанай облысындағы балабақшада азаматтық некедегі әйеліне 22 рет пышақ сұғып, оны бір көзінен айырған 42 жастағы қаскөйге сот үкімі шықты.

Судья оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Сұмдық оқиға былтырғы жылдың 17-ші қыркүйегінде болған еді. Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам жұбайының жұмыс істейтін орнына келіп, әңгімеге тартқан. Алайда онымен байланысқысы келмеген нәзік жан сөйлесуден бас тартыпты. Сол сәтте ашуға булыққан қаскөй келіншектің көзінен ұрып, оны аяусыз пышақтап тастаған. Абырой болғанда, әйел тірі қалған. Сол көзінен айырылған келіншектің бет-әлпеті әбден жараланыпты. Адам шошырлық жағдай кезінде балалар басқа бөлмеде болғаны анықталды.

Белгілі болғандай, қаскүнем 11 жыл бірге тұрған жұбайын үнемі ұрып-соққан екен. Бұған шыдай алмаған келіншек күйеуінен кетіп қалуды жөн көрген. Бірақ әйелінің бұл әрекетіне ашуланған азамат жары басқа ер адаммен көңіл қосқан деп ойлап, одан осылайша кек алмақ болған. Зардап шегуші Амангелді ауылындағы жекеменшік балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген екен. Ерлі-зайыптылардың ортақ бір баласы бар.


stan.kz
Автор
Еркебұлан