Астанада басына кондиционер құлап қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі сұхбат беріп, жұбайының жансақтау бөлімінде жатқандағы жағдайын еске алды, деп хабарлайды Sn.kz.
Әділет Зейнелдің айтуынша, Ұлдана комада болғанымен, кей сәттерде тіршілік белгісін білдірген.
"Қалай айтсам екен. Оған дейін, әрине, белгілер болды. Мен оның қолын ұстаған кезде реакция көрсететін. Ал жанында отырып Құран оқығанымда ол жылады. Мен оның көз жасын сүрттім. Мұның барлығы ол комада жатқанда болды", - деді Әділет Зейнел.
Әділет өзінің дәрігер мамандығына сүйене отырып, жұбайының өмірге оралу мүмкіндігі өте төмен екенін білгенін жасырмады.