Астанада тұрғынүйдің қас беті құлаған кезде зардап шеккендерге көмек көрсетуге барған фельдшердің өзі де ауыр жарақат алып, 10 күн бойы өмір үшін арпалысқан еді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Марқұмның күйеуі Әділет Ғанибекұлы әлеуметтік желіде тағы бір жүректі елжіреткен жазбасын жариялап, көпшілікті толқытты, деп хабарлайды kznews.kz.
"Менің жұбайым – жай ғана батыр емес еді. Ол – менің бүкіл әлемім, бауырларына сүйеніш, ата-анасына мақтаныш, маңайындағы әр адамға шынайы қуаныш сыйлаған жан болатын. Ол – біздің шаңырағымыздың жылуы, нұры, жүрегі еді. Өкінішке қарай, оның өмірі үзілді... Бірақ оның сәулесі сөнген жоқ. Ол құтқарған адамдардың жүрегінде, оны еске алып дұға еткендердің жүрегінде мәңгі қалады. Өзі өмірден өтсе де, өшпейтін із қалдырды. Жарының, отбасын, жақындарының, оны таныған әр жанның жүрегінде өмір сүре береді. Сен әрдайым жүрегіміздесің, жаным..." – деп жазды Әділет Ғанибекұлы.