Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астана маңында аттан құлаған 33 жастағы қыз бір айға жуық комада жатып көз жұмды

Астана маңында аттан құлаған 33 жастағы қыз бір айға жуық комада жатып көз жұмды
Фото: instagram.com/abidullaevna01

Астана маңындағы ат клубтарының бірінде болған оқиға қайғылы аяқталды. 33 жастағы Жазира есімді қыз аттан құлап, ауыр жарақат алғаннан кейін бір айға жуық комада жатқан. Ол 13 тамызда көз жұмды, деп kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның жақындары мен достарының айтуынша, Жазира атқа мінуді бұрыннан білетін және ер-тоқымда өзін сенімді ұстайтын болған. Алайда сол жолғы құлау салдарынан алған жарақаты өте ауыр болған.

Қайғылы жағдайдан кейін оның таныстары әлеуметтік желіде жазба жариялап, атқа міну кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

"Әдемі видео үшін өміріңізді қатерге тікпеңіздер. Өзіңіз толық басқара алмайтын, тоқтата алмайтын атқа мінбеңіздер. Үйде ата-анаңыз бен жақындарыңыз күтіп отырғанын ұмытпаңыздар", – деп жазды олар.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер