KZNEWS.KZ
Әлеумет

"Қолы байланған, аяқ киімсіз": Алматыда анасы өзін жазалаған ұлынан қашып кеткен

• Жарқын Омаров
видео: t.me/gosrating

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде қолы байланған әйелдің жүргені түсірілген видео тарады. Жазба авторлары оқиғаға алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәлімет Telegram-дағы «Президентке хаттар» арнасында жарияланған. Арна авторларының жазуынша, әйел үйден көшеге әрең қашып шыққан.

«Кейін әйелдің туған ұлы анасын өз отбасылық өміріне араласты деген себеппен байлап, жазалағаны анықталды», – делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті тексеру бастаған.

«Әйелдің жеке басы анықталды. Қазір ол полицияда, түсініктеме беріп жатыр. Бұған дейін бұл жағдайға қатысты полицияға ешқандай шағым түспеген», – деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →