KZNews.kz
Шоу-бизнес

Колонияда трансген әйелді зорлаған ҰҚК экс-қызметкері сотталды

KZNEWS

Алматы облысында трансгендер Виктория Берікқожаеваның зорлануына қатысты сот үкімі шықты.

Іле аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша айыпталушы кінәсін мойындамай, оны ақтауды сұрады.

"Алайда сот барлық дәлелдемені зерттеп, зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын анықтады, сондай-ақ оны азаптау әрекеті деп таныды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындысы бойынша дәлелденді", - делінген сот хабарламасында.

Заңға сәйкес жаза қылмыс жасалған кезде қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес тағайындалады. Қылмыс 2019 жылы осы қылмыстар үшін жазаны күшейтуге дейін жасалған.

"Сот үкімімен сотталушыға 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот шартты түрде соттаудың немесе жеңілірек жазаны қарастырмады. Сотталушы майор арнайы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді соттың баспасөз қызметінің өкілдері.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары