"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Колледждегі ғашықтар: кезекті интимдік бейнежазба Қызылордадан тарады

Колледждегі ғашықтар: кезекті интимдік бейнежазба Қызылордадан тарады
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Қызылорда облысындағы білім беру мекемелерінің бірінде түсірілген болуы мүмкін бейнежазба кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Желіде тараған кадрларда жұмыс кабинеті ішінде түсірілген көрініс байқалады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбада ер адам мен әйел адамның әдепке сай келмейтін әрекеті көрінеді. Олардың оқу орны қызметкерлері болуы мүмкін екені айтылғанымен, бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Аталған бейнежазбаны әлеуметтік желі қолданушысы жариялаған. Ол білім беру мекемесінде орын алған жағдайға қатысты сын пікір білдірген.

Желі қолданушылары бұл жағдайға алаңдаушылық танытып, құзырлы органдардан нақты түсініктеме беруді талап етуде.

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта ресми органдар тарапынан нақты қорытынды жарияланған жоқ.

Айта кетейік, даулы бейнежазба бірнеше күн бойы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамда қызу талқыға түсті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.