Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Көкшетауда бауырларын өрттен құтқарып қалған қаһарман қызға пәтер берілді - новости Казахстана

Көкшетауда бауырларын өрттен құтқарып қалған қаһарман қызға пәтер берілді - новости Казахстана

Көкшетау қаласында сегіз жасар Ұлдана Советке пәтер кілті табысталды. Бір жыл бұрын батыл қыз өртеніп жатқан үйден інісі мен сіңілдерін аман алып шыққан деп хабарлайды Kókshe арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:24.kz

Бір жыл бұрын үйінен айырылып, жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр болған отбасына Красный Яр елді мекенінен екі бөлмелі су жаңа пәтердің кілті берілді.

Мұндай сыйды "Ел үлесі -пәтерге" науқаны аясында "Зекет" корпоративті қоры және Науан Хазрет атындағы мешіт өкілдері жасаған.

Фото:Видеодан кадр

Зерендин ауданының кәсіпкері Борис Козлов көрімдік ретінде отбасына 500 мың теңге берсе, Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы 200 мың теңгені сыйға тартты.

"Мұның бәрі түс сияқты. Шынымен осындай сый алғаныма сене алмай отырмын. "Зекет" қоры мен Науан Хазрет мешітіне алғысымды білдіремін", - деді Ұлдананың анасы Айнагүл Еркімбетова.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын Ақмола облысында сегіз жасар батыр қыз үш бауырын жанып жатқан үйден аман алып шыққан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар

Автор
Санжар