Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Қайғылы жағдай 2026 жылдың 9 мамырында болған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлардан автокөліктің тұраққа кіре берісте алдымен жолдың жиегіне соғылғанын, содан кейін жаяу жүргіншіні қағып, үстінен басып өткенін көруге болады.
Оқиғадан бірнеше секунд өткен соң, көліктен орта жастағы әйел адам шыққан. Болжам бойынша, көлік тізгінінде дәл осы азамат болған.
Ақмола облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша түсініктеме берді. Қазіргі уақытта жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаныңмән-жайы анықталып жатыр.