KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Қиын сәтте жанымнан табылды": Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз үндеу жасады

• Қайсар Қанат
Фото: ашық дереккөз

Никита Удалов Каспий теңізінде болған қайғылы жағдайдан кейін алғаш рет көпшілікке ризашылығын білдіріп, жанынан табылған адамдардың қолдауы өзі үшін маңызды болғанын жеткізді.

"Осындай қиын сәтте қолдау көрсетіп, жылы сөздерін арнап, жанашырлық танытқан барша туған-туысыма, жақындарыма және достарыма шын жүректен алғыс айтамын. Қиын-қыстау кезеңде жанымнан табылған әр адамға ризамын", – деп жазды ол.

Сондай-ақ әскери қызметші қаза тапқан сарбаздардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оларға сабыр тіледі.

Каспийдегі қайғылы оқиға

Еске салайық, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болды.

Алғашқы ақпарат бойынша, оқиға салдарынан тоғыз әскери қызметші қаза тапқан. Кейін қаза тапқандар саны 14 адамға жеткені белгілі болды.

Никита Удалов – осы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметшінің бірі.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →