Әрбір екінші адам: ел тұрғындарының 51,2 пайызы несиеге өмір сүреді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Кітап керуен – Ақтау»: әдебиет пен руханияттың үлкен мерекесі басталды

«Кітап керуен – Ақтау»: әдебиет пен руханияттың үлкен мерекесі басталды
Фото: Ұйымдастыру комитеті

Ақтау қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Кітап керуен – Ақтау» кітап жәрмеңкесі ресми түрде өз жұмысын бастады. Екі күнге жоспарланған рухани шара Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында өтіп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Мерекелік жәрмеңкенің ашылу рәсімі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты шараның лентасын Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова қиды.

Шара барысында сөз сөйлеген қала әкімі Әбілқайыр Байпақов кітап жәрмеңкесінің маңызына тоқталып, кітап оқитын ұлт қалыптастырудың қоғам үшін өзектілігін атап өтті.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге еліміздің әдебиет және мәдениет саласындағы белгілі тұлғалары қатысуда. Олардың қатарында жазушы-драматург Роза Мұқанова, ақын Оңайгүл Тұржан, ҚР Жазушылар одағы Маңғыстау филиалының төрайымы Анар Шамшадинова, ақын Гүлайым Дәуітбаева, жазушы Бақытгүл Сәрмекова, жазушы Қанат Тілеухан, ақын-жазушы Ақберен Елгезек пен драматург Ұларбек Нұрғалым бар.

Сонымен қатар жәрмеңкеге елімізге танымал баспалар қатысып жатыр. Атап айтқанда, Qasym kitap, Steppe&World, «Абай», «Арман-ПВ», ZIYAT, SANA, MAZMUNDAMA, Marfu, «Отбасы хрестоматиясы» және WIK HOUSE баспалары өз өнімдерін ұсынуда.

Жәрмеңке аясында арнайы безендірілген «Кітап керуен» автобусы қала көшелерін аралауға шықты. 15-16 мамыр күндері өтетін шара барысында кітаптарға арнайы жеңілдіктер ұсынылып, түрлі мәдени-танымдық бағдарламалар, әдебиет пен шығармашылыққа арналған секциялық отырыстар, жаңа кітаптардың таныстырылымдары мен тұсаукесер рәсімдері ұйымдастырылады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.