Орталық Азия экономикасы: Қазақстан көшбасшылықты сақтап қала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қит етсе мұғалімге сыйлық деп шығады”: Желідегі ата-аналар шағымына мрнистрлік не дейді?

“Қит етсе мұғалімге сыйлық деп шығады”: Желідегі ата-аналар шағымына мрнистрлік не дейді?
Фото: ЖИ

Әлеуметтік желідегі пікірлерге қарағанда, ата-аналардың бір бөлігі мұғалімге сыйлық алу үшін ақша жинауды қолдамайды. Олардың сөзінше, мұндай бастама ерікті болғанымен, чаттағы ортақ шешім кейде қысым сияқты сезіледі.

Мұғалімдер күні жақындаған сайын ата-аналар чаттары сыйлық пен гүлге ақша жинау жайы қызу талқыланатын пікірталас алаңына айналады. Бірі мұны ұстазға алғыс білдірудің қалыпты жолы десе, енді бірі мереке сайын ақша жинауды артық шығын деп санайды. Алайда Оқу-ағарту министрлігі Мұғалімдер күні ұстаздарға қандай сыйлық беруге болатынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қит етсе, мұғалімге сыйлық деп шығады. Қосылмаймын десең, өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Біреудің жағдайы жетеді екен деп, басқаның да қалтасын қаққан дұрыс емес", – деп жазды ата-аналардың бірі.

Ал екінші тарап жылына бірнеше мерекеде шағын сыйлық беруді артық санамайды.  

"Жылына екі-үш мереке ғана. Мұғалімдер күні мен 8 наурызда 500-1000 теңгеден жинаймыз. Қымбат сыйлық емес, жай ғана көңіл білдіру", – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Тағы бір ата-ана мұны баланың тәрбиесімен байланыстырады.

"Мұғалімге бір кәмпит бергеннен балам беске оқып кетпейді. Мұны алғыс айтудың, қолы ашық болудың көрінісі деп қабылдаймын", – дейді ол.

Министрлік мұғалімге сыйлық беру міндет емес екенін ескертті

Оқу-ағарту министрлігі де бұл мәселеде еріктілік қағидасын алға тартып отыр. Ведомствоның мәліметінше, мұғалімге гүл сыйлау жақсы дәстүр болғанымен, ол міндетке, жарысқа немесе ата-аналарға артық шығынға айналмауы керек.

"Ең бастысы – гүл шоғының көлемі мен бағасы емес, баланың мұғалімге деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр баланың және оның ата-анасының ерікті таңдауы болып қалуы керек. Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашы болмауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұндай міндетті ата-аналарға жүктемеуі тиіс", – делінген министрлік хабарламасында.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.