Қоғам

“Кішісі 2 жаста”: Бір үйдің бес баласы газға уланып қалды

Ayzhan Sylanova Ayzhan Sylanova
“Кішісі 2 жаста”: Бір үйдің бес баласы газға уланып қалды
Фото: ғаламтордан

Орал қаласында бір отбасының бес баласы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 18 желтоқсанда орын алды. Балалар облыстық көпсалалы балалар ауруханасына түскен. Дәрігерлердің мәліметінше, олардың ең үлкені – 13 жас, кішісі – 2 жас. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық, олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Балалардың анасы да газдан улану салдарынан қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Медициналық қызметкерлер отбасы мүшелерінің жағдайын тұрақтандыруға кірісіп, қажетті ем-шараларды жүргізіп жатыр.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға газ құралдарын абайлап пайдалану, желдету жүйесін қадағалау және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Әзірге уланудың нақты себептері анықталып жатыр, сараптама жүргізу жұмыстары жалғасуда.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz