KZNEWS.KZ
Спорт

"Кіші жүз. Әлім. Арал өңірінен" - Шавкат Рахмоновтың экс-жұбайы оның тегі туралы айтты

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сұрағына жауап беріп, қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Белсендінің сөзінше, бүгінде көптеген әйелдер түрлі қиындықтарды бастан өткерсе де, мойымай өмір сүріп келеді. Ол барша аналарға амандық, балаларға денсаулық, жақындарға тыныштық тіледі.

Сонымен қатар Гүлайым Рахмонова қазіргі таңда ауыр кезеңді өткеріп жатқанын жасырмады. Оның айтуынша, ол әпкесі мен жақын досынан айырылған, ал осы қиын сәтте балаларын ойлау оған демеу болып отыр.

Сондай-ақ ол Шавкат Рахмоновтың руы туралы да пікір білдіріп, олардың тегі Арал маңынан шыққан Кіші жүздің Әлім руына жататынын айтты.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →