«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагеріне Ким Чжу Э есімді қызын таңдаған.

Бұл туралы КХДР-дан қашып кеткен бұрынғы жоғары шенді дипломат Ко Ен Хван Newsweek-ке берген сұхбатында айтты.

69 жастағы экс-дипломаттың айтуынша, "Хвасон-17" құрлықаралық баллистика зымыранының ұшыру алаңынан Ким Чен Ынның қызы түсірілген кадрлар жұрттың назарын аударған.

Ол қызды жұртқа таныстыру "биліктің берілуін меңзеу", сондай-ақ "қызын жақсы көретін және ұлттың болашағына қамқор болатын" әкенің бейнесін жасау мақсатында қабылданған шешім екенін болжады.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын қызын тақ мұрагері ретінде дайындап жатқанын жазғаны хабарланған болатын.

Автор
Еркебұлан