Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

КХДР концлагерлердегі тұтқындарды көмір өндіруге пайдаланады

КХДР концлагерлердегі тұтқындарды көмір өндіруге пайдаланады

КХДР билігі саяси тұтқындарды, соның ішінде балаларды көмір өндіруге пайдаланады.



Кеңсесі Сеулде орналасқан Солтүстік Кореядағы адам құқықтары үшін азаматтық альянсы осындай тұжырым жасады, деп хабарлады Reuters.

Адам құқықтарын қорғау ұйымы "Солтүстік Кореяның қанды көмір өндірісі: билік құрылымдарына дем беретін табыс пирамидасы" деп аталатын баяндама әзірледі. Құжатта концлагерлердегі саяси тұтқындар көмір кендерінде жұмыс істейтіні айтылған.

БҰҰ Солтүстік Кореяға көмірді шетелге сатуға тыйым салған. Бұл санкция Пхеньянның жаппай қырып жоятын қару өндірісіне қажетті қаражаттың жолын кесу мақсатында енгізілген. БҰҰ мәліметі бойынша, Солтүстік Кореядағы еңбек лагерлерінде 200 мыңға жуық тұтқын отыр. Лагерлер кен өндірістеріне жақын орналасқан.


Автор
Нұрсұлтан