Корпоративтік несие портфелі: шағын бизнес әлі де мемлекеттік қолдауға тәуелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Кезек Хикматовқа келді: тағы бір блогерге халықаралық іздеу жарияланды

Кезек Хикматовқа келді: тағы бір блогерге халықаралық іздеу жарияланды
Фото: ашық дереккөздерден

Танымал блогер әрі аралас жекпе-жек спортшысы Махмуд Хикматовты интерпол іздеуге кірісті. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

ҚМА мәліметінше, Хикматов заңсыз интернет-казиноларды жарнамалаумен айналысып, оларды әлеуметтік желілерде насихаттау үшін басқа блогерлерді тартқан.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол интернет-казинолардың жарнамасын таратуға 35-тен астам танымал инфлюенсерді тартқан. Олардың қатарында жақында Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланған Қайсар Қамза да бар.

Құзырлы орган мәлімдегендей, Хикматов блогерлерді таңдаған кезде олардың әлеуметтік желідегі аудиториясының саны ғана емес, жазылушылардың жасы, географиясы, демографиялық құрамы мен жарияланымдардың қамту көрсеткіші де ескерілген.

Тергеу дерегіне сәйкес, инфлюенсерлер интернет-казиноларға апаратын сілтемелерді жариялап, сол арқылы келген пайдаланушылар үшін сыйақы алған.

Хикматовқа қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.