«16 жасқа толмағандарға Instagram мен TikTok жабық» - Вице-министр жауап берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық блогер Назар Ролланға іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер Назар Ролланға іздеу жарияланды
Фото: instagram.com/nazarrollan

Алматыда 28 жастағы блогер Назар Ролланд іздеуге жарияланды. Ол бұған дейін жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері бойынша құқық қорғау органдарының назарына іліккен, деп хабарлайды kznews.kz.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында блогерге қатысты іздестіру ісі тіркелгені көрсетілген. Мәліметке сәйкес, іс 2026 жылғы 14 қазанда басталған.

Іздестіруді Қазақстан Ішкі істер министрлігі бастаған. Ал іздеу шараларын Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Блогердің нақты қандай себеппен іздеуге жарияланғаны әзірге белгісіз.

Назар Роллан әлеуметтік желілерде арандатушылық сипаттағы видеоларымен, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзған сәттері түсірілген бейнежазбаларымен танылған. Осы оқиғадан кейін блогерге қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі