ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кевиннің анасы рөлін сомдаған Кэтрин О’Хара 71 жасында қайтыс болды

Кевиннің анасы рөлін сомдаған Кэтрин О’Хара 71 жасында қайтыс болды
Фото: Ашық дереккөзі

Америкалық-канадалық актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында өмірден өтті. Бұл ақпаратты актрисаның агенті растаған, деп хабарлайды Kznews.kz.

Көрермен О’Хараны ең алдымен голливудтық әйгілі «Үйде жалғыз» фильміндегі Кевиннің анасы – Кейт Маккалистер рөлі арқылы таныды. Оқиға желісінде ол әуежайдан ұшып кеткен соң ғана ұлын үйде қалдырып кеткенін аңғарып, барын салып кері қайтуға тырысады. Актриса бұл бейнені «Үйде жалғыз 2» фильмінде де жалғастырды.

2010 жылдардың ортасында Кэтрин О’Хара жаңа буын көрерменінің ықыласына қайта бөленді. Ол комедиялық «Шиттс Крик» сериалында негізгі кейіпкерлердің бірі ретінде танылып, кең аудитория жинады. Сериалда бар байлығынан айырылып, шағын қалашыққа көшіп баруға мәжбүр болған ауқатты отбасының тағдыры суреттеледі. О’Хара онда бұрынғы танымал актрисаның образын сомдап, көрерменнің жүрегінен орын алды. Бұл рөлдегі жұбайының кейіпкерін актер Юджин Леви ойнаған.

Өнер жолын ол 1970 жылдардың ортасында Канадада бастап, комедиялық тележобаларда көріне бастады. Актриса тек экрандағы рөлмен шектелмей, телебағдарламаларға сценарий жазуға да атсалысқан. Осы еңбегінің нәтижесінде 1982 жылы алғашқы «Эмми» сыйлығын иеленгені айтылады.

Кино саласындағы елеулі табыстарының бірі Тим Бёртон түсірген «Битлджюс» фильмінен кейін айқын байқалды. Дегенмен, көпшілікке ең жақын әрі ең танымал жобаларының бірі ретінде «Үйде жалыз» комедиясы оның шығармашылық өмірбаянында ерекше орын алды.

Кэтрин О’Хара бірнеше буын көрермені үшін отбасылық құндылық, юмор және жылы сезіммен астасқан образдарымен есте қалды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер