Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz, Buginmedia.kz-ке сілтеме қалдыра отырып.
Өнер иесінің айтуынша, Ақерке есімді бойжеткенді Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, қазақтың салт-дәстүріне сай өз шаңырағына алып кеткен.
«Ақерке қызымызды Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, шаңырағынан алып кетті. Анамыз ақ батасын берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді. Баршамызға жұғысты болсын», – деп жазды әнші.
Осылайша Мақпал Жүнісова оқырмандарымен отбасындағы қуанышты сәтті бөлісіп, жас жұбайларға ақ тілегін жеткізді.