Министр қаралы отбасылармен кездесіп, қаза болған әскери қызметшілердің жақындарына қолдау білдірді.
Қазақстан Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаздардың отбасыларына барып, қайғыға ортақтасты. Ол марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, Қарулы күштер атынан кешірім сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.
Дәурен Қосанов қайғылы жағдайға байланысты Қарулы күштердің атынан көңіл айтып, марқұмдардың отбасыларына қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.