Үш жыл қатарынан бала туған Сиви Махмуди өзге әріптестері ұқсап декреттік демалыс кезінде жұмыс істемеген. Себебі оған аса мұқтаж болмағанын айтады.
Бұл туралы Stan.kz 7-арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Ақшаға күнім қарап тұрған жоқ. Басқа да бизнестерім бар, жолдасым бар", - деп түсіндірді Сиви.
Әнші әрі актрисаның бұл сөзіне қарап, жолдасы жоғары лауазымды азамат па дерсіз. Алайда шын мәнінде олай емес сияқты. Бұған қатысты Сиви:
"Ондай керемет деп айта алмаймын. Ақшаның артықтығы жоқ. Бірақ бірінші кезекте балапандар болғаннан кейін, ең бастысы қарным тоқ", - дейді.
Махмуди үш бірдей баласына қолдан келгенше уақыт бөлуге тырысатынын атап өтті.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz