KZNEWS.KZ
Экономика

Кепілдік төлемі – 86 500 теңге: 10 күннен соң Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жаңа талап күшіне енеді

• Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Жаңа талап халықаралық жүк тасымалымен айналысатындарға қатысты, деп хабарлайды kznews.kz. «Қазығұрт», «Б. Қонысбаев» және «Атамекен» өткізу пункттерінде кезек брондау үшін тасымалдаушының арнайы электрондық шотында 20 АЕК, яғни 2026 жылғы есеппен 86 500 теңге болуы керек.

Көлік өткізу пунктіне белгіленген уақытта келсе, кепілдік сомасы тасымалдаушыға автоматты түрде толық қайтарылады. Ал тасымалдаушы 90 күн ішінде қатарынан екі рет белгіленген уақытта келмесе, кепілдік төлем қайтарылмай, мемлекеттік бюджетке өндіріледі.

Демек, кезекті брондап, кейін бармай қалуды әдетке айналдырғандар үшін бұл нақты қаржылық шығынға әкелуі мүмкін.

Жаңа тәртіп 2026 жылғы 9 қарашадан бастап күшіне енеді.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →