KZNews.kz
Экономика

Келісі – 2000 теңге: Еліміздің батысында киік еті сатыла бастады

KZNEWS
Фото: Atyrau online

Киік еті Жайық даласынан әкелінген. Оралдан келген Вячеслав есімді сатушы 2 тоннаға жуық ет жеткізгенін хабарлады.

Сатушы өзіне тиесілі аңшылық шаруашылығы аясында ресми түрде жұмыс істейді. Құжаттары мен сертификаттары түгел, ет тұтастай ветеринар тексерісінен өткен.

– Жануарларды атпай, торға түсіріп аулаймыз. Содан кейін ғана соямыз. Осылайша ет ұзақ сақталады әрі зақымданбайды, — дейді сатушы.

Еттің бағасы көтерме саудада келісіне 2000 теңге, ал бөлшек саудада — 2200 теңге. Сатушы сұраныстың жоғары екенін айтты. Себебі сиыр еті мен қой еті соңғы уақытта әжептәуір қымбаттаған.

Алайда қала тұрғындарының бір бөлігі бұл саудаға күмәнмен қарайтынын да жеткізді. Себебі ақбөкен Қызыл кітапқа енген, сондықтан адамдар тауардың заңдылығына сенімсіздік білдірген. 

KZNEWS
Автордың басқа материалдары