Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Келініміз бар екенін ұмытып қалдық": Жанболат пен Жазира қызық жағдайды баяндап берді

"Келініміз бар екенін ұмытып қалдық": Жанболат пен Жазира қызық жағдайды баяндап берді
ашық дереккөзден

Танымал әншілер Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова ұлын үйлендіріп, үлкен той жасағаннан кейін бастарынан өткен қызықты жағдайды бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жазира Байырбекова Instagram желісіндегі stories бөлімінде тойдан кейін болған оқиғаны айтып берген. Оның сөзінше, тойдан кейін келесі күні тағы бір ұзату тойына барып, қатты шаршап қайтқан.

"Түнгі уақытта үйге келіп, аяқ киіміміз бен сөмкемізді қолымызға ұстап, есікті қағып тұрмыз. Есікті жаңа түскен келініміз ашты. Екеуіміз бір сәт аң-таң болып қалдық. Тіпті өз үйіміз екеніне күмәнданып, басқа пәтерге келіп қалғандай күй кештік. Келінді болғанымызды ұмытып кетіппіз", – деп күлкілі жағдайды еске алды әнші.

Сонымен қатар ол бауыры Назира Байырбекпен жазысқан чаттың скриншотын да жариялаған. Онда тағы бір қызықты сәт айтылған.

"Қазбек біздің бөлмеге келіп, біраз әңгімелесіп отырды да, "Жаңа келген қыз не істеп жатыр екен?" деп шығып кетті", – деп жазған.

Назира Байырбек бұл әңгімеге әсерленіп, олардың қуанышты күйін сезінгенін жеткізіп, жылы лебізін білдірген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер