Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Заң солай»: Жазира Байырбекова мен Жанболат Бақытбеков арнайы рейске іліне алмады

«Заң солай»: Жазира Байырбекова мен Жанболат Бақытбеков арнайы рейске іліне алмады
Фото: Ашық дереккөзі

Белгілі әнші Жазира Байырбекова шетелде қалып қойған жағдайларына байланысты әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, алаңдаған жұртқа алғыс айтты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол сторисқа жариялаған қысқа видеосы түрлі әлеуметтік желі мен БАҚ-та кеңінен тарап кеткен.

"Біздің амандығымызды тілеп, алаңдап хабарласып жатқан барша жанға шын жүректен алғыс айтамыз. Дайрект пен WhatsApp желісіне келген көптеген хаттарға жауап ретінде сторисқа қысқаша видео жариялаған едім. Ол видео түрлі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кетіпті. Ешкімді уайымдату ниетіміз болған жоқ", – деп жазды әнші.

Жазира Байырбекованың сөзіне қарағанда, қазір олар Оман мемлекетінің Маскат қаласына өткен. Елшілік өкілдерінің мәліметінше, Қазақстаннан жіберілетін арнайы ұшақтарға аяғы ауыр әйелдер, I–II санаттағы мүгедектігі бар азаматтар, 5 жасқа дейінгі балалар мен қарттар отырғызылады.

"Заң солай екен. Біз алты адамбыз және бұл санатқа кірмейміз. Сондықтан әзірге өзге елдер арқылы ұшу мүмкіндіктерін күтіп отырмыз", – деді ол.

Сондай-ақ әнші Қазақстанда жоспарланған концерттері кейінге шегерілгенін айтып, көрермендерден кешірім сұрады.

"Елімізде жоспарланған мемлекеттік және жеке концерттерімізге билет алған көрермендерден кешірім сұраймыз. Егер билет алған концертке үлгермей жатсақ, аман-есен жеткен соң басқа күнге ауыстырамыз. Бізге тілегендеріңізді, өздеріңізге де тілейміз. Жақсылықта қауышайық", – деді Жазира Байырбекова.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер