Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Келінді керіліп жатып жұмсайық”: Тойда тілек айтқан үлкен кісі жұрттың ызасын келтірді

“Келінді керіліп жатып жұмсайық”: Тойда тілек айтқан үлкен кісі жұрттың ызасын келтірді

Той үстінде айтылған тағы бір тост әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Бұл жолы егде жастағы әйелдің жаңа түскен келінге қатысты айтқан тілегі жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Видеода әжей жас келінге ақ тілегін білдіре отырып, «Келінді керіліп тұрып жұмсауға жазсын» деген сөз айтады. Осы бір ауыз сөз желіде түрлі пікірдің пайда болуына себеп болды.

Көпшілік бұл сөзді келінді отбасы мүшесі емес, барлық шаруаны атқаруға тиіс адам ретінде қабылдаумен байланыстырып, орынсыз деп бағалады. Әсіресе қазіргі қоғамда отбасындағы өзара сыйластық пен әйел қауіпсіздігі мәселесі жиі көтеріліп жүрген тұста мұндай тілектің айтылуы оқырмандардың сынына ұшырады.

Желі қолданушыларының пікірінше, қазақтың дәстүрінде келінге үлкенді сыйлау, шаңырақтың берекесін сақтау секілді міндеттермен қатар, оның да отбасының толыққанды мүшесі екені ескерілуі керек. Сондықтан келінді «жұмсау» мен оған қызмет етуді ғана міндет ретінде көрсету қоғамның бір бөлігінің наразылығын туғызған.

Бұл тойда айтылған даулы тосттың алғашқы жағдай емес екені де еске салынды. Бұған дейін дәл осы тойда әйелдерді қорлайтын сөз айтқан ер адамның видеосы таралып, ол кейін қамауға алынғаны туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланған еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.