Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Осындай да тілек бола ма?”: Кенжебектің жұбайы тойда айтқан тілек сынның астында қалды

“Осындай да тілек бола ма?”: Кенжебектің жұбайы тойда айтқан тілек сынның астында қалды
Фото: әлеуметтік желіден

Жанболат пен Жазира әулетіне келін болып түскен сіңлісіне арналған тілегімен Кенжебек Жанәбіловтің жары желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды kznews.kz.

Той барысында ол өнер саласының оңай еместігін айтып, жас келінге өмірлік кеңес берген. Оның айтуынша, бұл ортада кей нәрсеге көз жұма қарап, көп дүниені елемей үйрену қажет.

«Өнер ортасы мені пісірді. Мен жанұяда ерке болғанмен өнер ортасында пістім. Сол үшін Асылы көп жерде көзіңмен көрмейсің, құлағыңмен естімейсің. Қазыбек екеулерің бәрін жеңіп шығу үшін естімейсің, көрмейсің, елемейсің. Мені айтады: "Кенжебектің келіншегі өзінше болып қалған, бүйтіп қалған, сүйтіп қалған деп". Бірақ мен ешкімді елемеймін, сөзін естімеймін. Саған да соны айтамын. Менің ақылым. Екеуіңнің махаббатың бәрін жеңіп шығады. Ешкімді тыңдама, ешкімге ренжіме, бәріне күліп қара. Өзіңнің жолыңды біл», – деді ол.

Сөз арасында ол өзіне де түрлі әңгіме айтылатынын, бірақ оған мән бермейтінін жеткізген. Сондай-ақ жас жұбайлардың махаббаты барлық қиындықты жеңетініне сенім білдірді.

Алайда бұл пікір көпшілік арасында әртүрлі қабылданып, кей қолданушылар мұндай кеңесті орынсыз деп бағалады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.