KZNews.kz
Жаңалықтар

"Келін түсіріп жатыр": Нұрлан Еспанов отбасындағы қуанышты хабарды сүйіншіледі (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның жазуынша, Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың отбасында құдалық рәсімі өткен.

"Сүйінші! Жазира әпшем мен Жанболат ағам келін түсіріп жатыр! Тәтті шәйға барып, құдалармен танысып қайттық! Бұйырса ұланасыр той!" – деп жазды Олжас Еспанов.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа ерекше қуанып, жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырды. Пікір қалдырғандар Жазира мен Жанболаттың қарапайымдылығы мен кішіпейілдігін атап өтіп, алдағы тойдың берекелі болуын тіледі.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары