Әнші Нұрлан Еспановтың жары Жильнель Еспанова жақын адамынан айырылғанын айтты.
Ozgeris.info жазуынша, ол қайғылы жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Жильнель Еспанованың бауыры дүниеден өткен.
"Жаным, бауырым, қош бол. Жаның жәннатта болсын", – деп жазды ол.
Жазбаға желі қолданушылары көңіл айтып, марқұмның жақындарына сабыр тіледі.
