Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Кейінге шегеруге мәжбүрмін": Ақбота Керімбекованың концерті өтпейтін болды

"Кейінге шегеруге мәжбүрмін": Ақбота Керімбекованың концерті өтпейтін болды

Танымал әнші Ақбота Керімбекованың денсаулығы сыр берді. Соған байланысты республикалық деңгейдегі гастролдік сапары кейінге шегерілді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Өнер иесі мереке күніне орай Тараз қаласында өтетін концертіне қатыса алмайтынын айтты.

“Армысыздар, менің тараздық көрерменім! Келе жатқан мереке құтты болсын! Осы күндері өтетін концертімді кейінге шегеруге мәжбүрмін. Өйткені қатты сырқаттанып қалдым. Температурам 40 градустан түспей жатыр. Түсіністік танытуларыңызды сұраймын. Әлі талай концерт беремін. Ең бастысы, елдің тыныштығы мен амандығы. Адамның емес, Алланың дегені болады. Сәті түспей тұр екен. Концерттің бәрі жанды дауыста болғасын, денсаулығым өте маңызды болып тұр. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймын. Дәл қазір қатты ауырып тұрсам да, алдарыңызға шығып тұрмын. Аман болыңыздар! Жақын күндері барлық елді аралап, концерт қоямын”, – деп уәде берді өнер иесі.

Желі қолданушылары бір ауыздан әншінің сауығып кетуін тілеп жатыр.

“Ауырмаңыз, тез жазылып шығыңыз”, “Тараз халқы сізді асыға күтеді”, “Қазір тұмау өршіп тұр. Жақындарымызға абай болайық!”, “Жаратқан жар болсын!”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Автор
Нұрсұлтан