KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

«Қазатомпромның» басшыларының біріне қатысты тергеу басталды

• Айжан Сыланова
Фото: kazatomprom.kz

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы өндіріс жөніндегі бас директоры әрі басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның және өзге де тұлғалардың ықтимал қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қазатомпром» қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Компанияның мәліметінше, 2026 жылға жоспарланған өндірістік және қаржылық көрсеткіштер толық орындалады. Сондай-ақ ұлттық компанияның даму стратегиясына қатысты өзгерістер қарастырылмаған.

Қуаныш Омарбековке қатысты күдік әзірге тергеу аясында қарастырылып отыр. Оның кінәсі сот үкімімен дәлелденген жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →